Дұғалар
Нас сүресі
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ ١ مَلِكِ ٱلنَّاسِ ٢ إِلَـٰهِ ٱلنَّاسِ ٣ مِن شَرِّ ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ ٤ ٱلَّذِى يُوَسْوِسُ فِى صُدُورِ ٱلنَّاسِ ٥ مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ ٦
- Транскрипциясы
- Қул әуузу би раббин-нәәс. Мәликин нәәс. Иләһин нәәс. Мин шәррил уәс-уәәсил ханнәәс. Әлләзи йуәс-уису фии судуурин нәәс. Минәл жиннәти уән нәәс.
- Аудармасы
- «(Ей, Мұхаммед) Айт: «Адамдардың Раббысынан қорғауын тілеймін. Адамдардың иесінен (Шын билеушісінен). Адамдардың Тәңірінен. (Алла Тағаланы еске алған кезде) сыбырлап азғырушының кесірінен. (Ол) адамдардың көкейлеріне уәсуәса салатын. Жын мен адамдардан (болған бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға сиынамын», – де.