Құрандағы пайғамбарлардың дұғалары
Даналық пен абырой сұрау дұғасы
رَبِّ هَبْ لِى حُكْمًا وَأَلْحِقْنِى بِالصَّالِحِينَ وَاجْعَل لِّى لِسَانَ صِدْقٍ فِى الْآخِرِينَ وَاجْعَلْنِى مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ وَاغْفِرْ لِأَبِى إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ وَلَا تُخْزِنِى يَوْمَ يُبْعَثُونَ
- Транскрипциясы
- Раббиһәбли хукмау уә әлхиқни бис-салихиин уаджғәлли лисәәнә сидқин фил аахириин уәджғәлни миууарасәти жәннәтин-нәғиим уәғфир ли-әби иннәһу кәәнә минад-даааллиин уә лә тухзинии йәумә йубғәсуун
- Аудармасы
- Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) дұғасы Уа, Раббым! Менің бойыма даналық пен дұрыс үкім айтып, лайықты шешім шығара білетін қабілет дарыта гөр! Мені ізгі құлдарыңның қатарына қоса гөр! Маған келер ұрпақ аузында шынайы түрде дәріптелуді нәсіп етіп, келер ұрпаққа жақсы атты қылғайсың! Сондай-ақ мені нығметке толы Жәннатқа мұрагер болатын құлдарыңның бірі қылғайсың! Әкемді де кешіре гөр, өйткені, ол адасқандардың қатарында! Күллі адамзат қайта тіріліп, ғарасат майданына жиналатын күні мені ұятқа қалдыра көрме!